Метро бекеттерінде бетперде режимінің сақталуы тексерілді
Рейд барысында Алматы метрополитенінің бекеттерінде және жылжымалы құрамында санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың, оның ішінде бетперде режимінің сақталуы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментінің өкілдерімен бірге бетперде режимін сақтау бойынша рейд өткізілді, метро қызметкерлері мен жолаушылар да тексерілді. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтау туралы алдын-алу әңгімесі өткізілді. Мотор-вагон бөлімдері мен метро бекеттерін айналып өту кезінде бетперде режимін бұзу деректері анықталған жоқ, бұл жолаушылар мен метро қызметкерлерінің өзін-өзі тану деңгейінің жоғары екенін көрсетеді, – деді Метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы Тимур Өсекбаев.