Алматы облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында алкоголь өнімдерін лицензиясыз сату дерегін анықтады
Қаскелеңде полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан дүкенді анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарасай ауданының ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция тобының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында дүкендердің бірінде алкоголь өнімін лицензиясыз сату дерегін анықтаған.
Полиция қызметкерлері дүкенді жалға алған Қаскелең қаласының 50 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырды.
Бұдан басқа акт толтырылып, заңсыз сатылған алкоголь өнімдерін тәркілеу үшін Мемлекеттік кірістер бөліміне хабарлама жіберілді.