Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда заңсыз мал тасымалдаған екі азамат ұсталды

Атыраулық полицейлер құжатсыз мал тасымалдаған екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысының Қызылқоға ауданы полицейлері Миялы-Индер тас жолы бойында мал тиелген УАЗ көлігін тоқтатқан.

- Көліктегі 34 бас қойдың арасында таңбаланбағандары бар және малдың тиісті құжаттары жоқ болып шықты", - деп хабарлады Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ақылбек Жұмабеков.

Мал тасымалдаған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексінің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

Тәркіленген 34 бас қой  арнайы мал ұстау орнына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру