Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлігіне екі түрлі нөмір тағып алған жүргізуші ұсталды

Атырауда көлігіне екі түрлі мемлекеттік нөмір тағып алған жүргізуші ұсталды,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығында патрульдік полиция қызметкерлері  “Ваз-2114” маркалы  автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру кезінде Ресей Федерациясының есебіндегі жеңіл көліктің алдыңғы мемлекеттік белгілерінің әріптік таңбалары өзгертілгені анықталды.

Көлік құралы арнаулы тұраққа қойылып, көлігіне екі түрлі мемлекеттік нөмір тағып алған көлік құралының 38 жастағы жүргізушісінің әрекетінде қылмыс белгілері бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру