Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды

Түркістан облысында жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды, оның ішінде емізулі бала бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қараша күні таңғы сағат 9.00-де Алматы-Ташкент-Термез автожолының 725 шақырымында «DaewooNexia» автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, металл бағанаға соғылып, жол шетіне аударылған.

Оқиға орнында жүргізушінің үш туысы, соның ішінде кішкентай бала көз жұмды.

Жүргізушінің өзі және тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайтты полиция қызметкерлері Төлеби АПБ-нің СДТБТ-не тіркеді. Сотқа дейінгі тергеуді Түркістан облысы ПД-нің анықтаушылары жүргізуде. Сараптама тағайындалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтардан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Өз өміріңізге және туған-туыстарыңыздың өміріне мұқият болыңыз. Жол қателікті кешірмейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру