Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер экологиялық қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда

Атырау облысында өңірдегі экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Шара мақсаты күзгі-қысқы аңшылық мерзімдерінде заңсыз аңға шығу және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау. Полиция қызметкерлері далалықта, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ теңіз жағасындағы қамыс өртінің алдын алу, болдырмау мақсатында әуесқой аңшылар мен балықшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлады Департамент бастығы.

Рейд кезінде Алғабас ауылының тұсындағы далалықтан УАЗ, Нива-Шевроле автокөліктері тоқтатылды. Әуесқой аңшылықпен айналысқан екі азаматқа қатысты (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын, аң аулау қағидаларын бұзу)  бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру