Полиция қызметкерлері жүргізушілерге көктайғақта сақтықты күшейту қажеттігін түсіндіруде
Солтүстікқазақстан полицейлері ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа байланысты жүргізушілерді қырағылыққа шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл маусымының өзгеруіне байланысты солтүстікқазақстандық полицейлер жолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі жұмыстарын жандандырды. Патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, сондай-ақ аппараттағы жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері жүргізушілерге боранда және көктайғақта сақтықты күшейту қажеттігін түсіндіруде.
Солтүстік Қазақстан облысында қоңыр күздің қыс мезгілінен айырмашылығы жоқ: қар, көктайғақ және тұман автомобиль иелеріне әсіресе, көлік жүргізу тәжірибесі аз жүргізушілерге едәуір қиындық туғызады.
Тәжірибесі аз жүргізушілер үшін қала сыртындағы жолдарда ауыр апатқа ұшырау қаупі жоғары. Сондықтан, ауа-райының нашарлауына байланысты тәртіп сақшылары барлық жерде профилактикалық рейдтер өткізеді. Петропавлда полицейлер жүргізушілер және жаяу жүргіншілермен тікелей сөйлесуден басқа, аймақтағы ең үлкен қаладағы жолдың жағдайына жауапты коммуналдық қызметтердің басшыларымен байланыс орнатуда. Өз учаскесіне жауапты адамдардың белсенді жұмысымен бірлескен күш-жігердің арқасында ғана көктайғақ салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғаларын барынша азайтуға болады.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, 18 қарашадан бастап күн сайын облыста 450-ден астам полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларына қатысады. Облыс жолдарында 149 автопатруль, оның 37-сі республикалық маңызы бар, 10-ы облыстық маңызы бар жолдарда жұмыс істейді. Тек соңғы екі күнде облыс бойынша 1241 жол ережесін бұзу фактілері анықталды. Оның 147-сі қауіпсіздік белдігін тақпау, 101-і – көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану болды. 13 мас жүргізуші ұсталды. Жаяу жүргіншілер тарапынан 232 жол ережесін бұзу тіркелді. Жергілікті полиция қызметі рейдтер мен «тексерістерді» осы аптаның соңына дейін жалғасатынын атап өтті.