Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда «медициналық қызмет» көлігі адамдар көп жүретін қиылыста «Volkswagen»-мен соқтығысты

Петропавлда «медициналық қызмет» көлігі адамдар көп жүретін қиылыста «Volkswagen»-мен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қараша күні, сағат 15.30 шамасында Жамбыл-Ғ.Мүсірепов көшелерінің қиылысында қалалық емханалардың бірінің жүргізушісі «ВАЗ-21310» қызметтік автомашинасымен көлікке орнатылған жарқылдауық маягімен бағдаршамның тыйым салған белгісіне өтпекші болғанда «Volkswagen Passat»-пен соқтығысқан. Апат салдарынан екі көлік те механикалық зақымданған. «Volkswagen»-нің 20 жастағы жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. «ВАЗ-21310» көлігінің 51 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ «Volkswagen»-нің 23 жастағы жүргізушісі медициналық тексеруге жіберілді, екі жүргізушінің екеуі де жол апаты болған кезде сау болғанын көрсетті.

Аталған факті бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау және одан әрі мамандандырылған әкімшілік сотына жолдау үшін Петропавл қаласы ПБ әкімшілік полиция бөліміне жолданды.

Ағымдағы жылдың 10 айында облыс жолдарында 159 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 30 адам қайтыс болып, 206 адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру