Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтеннің ауласынан «Toyota Land Cruiser» көлігін мініп кеткен екеу ұсталды

СҚО полицейлері ұрлап, мініп кеткен джипті қуып, ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының екі тұрғыны бөтен көлікті иемденуге мұқият дайындалған. Н.Назарбаев көшесіндегі бір үйдің ауласында тұрған «Toyota Land Cruiser» автокөлігі олардың көздеріне түседі. Түн жарымда өздерінің аккумуляторымен көлікті от алдырып, көзге түспей ауладан шығып кетеді. Көлік иесі темір тұлпарының жоғалғанын байқап, «102» арнасына қоңырау шалады.

Бағдар бірден барлық бекеттер мен автопатрульдерге жіберілді. Полицейлер жол талғамайтын көліктің қозғалыс жолын анықтап, жолдарды, ормандар мен дала жолдарын бақылауға алған. Айдап әкеткен джипқа ұқсас көлікті Боголюбово ауылына апарар жолда байқаған.

Жылдамдықты асырып өткен көліктің соңында сұр «Audi» болған. Ары-бері шығып, кедергі жасаған «Ауди» жүргізушісі полицейді көлікке жақындатпады. Алайда, қаскөлердің айласы жүзеге аспады. Соңына түсіп, қуу нәтижесінде полицейлер бұрын сотталған Есіл ауданы Покровка ауылының 1995 жылы туған тұрғынын «Toyota Land Cruiser» көлігінде ұстады. Іздестіру нәтижесінде полицейлер Новоникольское ауылының маңындағы орманда жасырылған сұр «Audi» көлігін анықтады. Жүргізуші – бұрын сотталған Покровка ауылының 1986 жылы туған тұрғыны іздестірілуде. Аталған факті 188-баптың 3-бөлігі (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру