Алкоголь өнімін сатудың талаптарын бұзған дүкен иесі жауапқа тартылды
Түркістан облысының полицейлері рейд жүргізу барысында алкоголь өнімдерін өткізудің 11 жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау ҚПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша 11 дерек анықталған.
Мысалы, Қазақстан Республикасының заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу жайттарын анықтау үшін рейдтік іс-шара жүргізіліп, Кентау қаласы, Ерубаев көшесінің бойында орналасқан азық-түлік дүкенінде сатушы этил спиртінің көлемді үлесі 30%-дан асатын алкогольдік өнімін сатқаны анықталды.
Қазіргі таңда осы іске қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабына сәйкес құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Кентау қалалық сотына жолданды.
Отбасылық дау-дамайдың, ішімдікке салынып, зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу аясында учаскелік полиция инспекторлары қолда бар барлық ықпал ету нысандарын пайдалана отырып, қарқынды жұмыстар атқаруда. Яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.