Алматы полициясы ұрланған смартфондардың үлкен мөлшерін тәркіледі
Алматы полициясы ұрланған смартфондардың үлкен мөлшерін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел қызметкерлер бір күн бұрын арнайы іс-шара өткізді. Жеке үйлердің бірінен қылмыстық жолмен алынған 464 мобильді құрылғы табылып, тәркіленді.
– Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен 1997 және 2000 жылы туған екі ағайынды К.азаматтары ұстады, олар жедел және арнайы іс-шараларының мәліметтеріне сәйкес ұрланған ұялы телефондар мен басқа да құралдарды сатып алған. Бұл партия Қырғызстан мен Өзбекстанға жөнелтілуге дайын болған. Бірақ бекер. Күдіктілердің тұрғылықты жерінен рұқсат етілген тінту барысында 464 смартфон, бір ноутбук және төрт қол сағаттары табылып, процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 196-бабы 2-бөлімі жүргізілуде. Қазіргі уақытта осы ұялы телефондардың шын иелерін анықтау бойынша шаралар қабылдануда, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.