Гарнизондық жиын өткізілді
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы жеке құрамға гарнизондық жиын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция имиджін арттыру, жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру мақсатында Жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында полицияның кешенді күштерінің жеке құрамына жалпы гарнизондық жиын өткізілді.
Департамент бастығы Бектөре Сұлтан қызметкерлердің маусымдық нысанды киім-кешегін, сыртқы келбетін, автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жай-күйін тексерді.