Жезқазғанда екі бойжеткен дүкеннен виски ұрлаған
Қарағанды облысында дүкеннен виски ұрлаған екі қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қарашада Қарағанды облысының Жезқазған қаласы Полиция басқармасына қала дүкендерінің бірінде ұрлық болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Келтірілген шығын 17 мың теңгені құрады.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 22 және 27 жастағы екі қызды ұстады. Олар қылмысын мойындап, қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда.