Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қатыгездікпен кісі тонаған күдікті қолға түсті

Жамбылдық полицейлер кісі тонаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының ПД қызметкерлері Тараз қаласының 10-шағын ауданындағы бейнебақылау камераларының көмегімен кісі тонаған 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

2020 жылдың 26 қарашасында Аса шағын ауданындағы үйдің кіреберісінде 58 жастағы тұрғынға пайда табу мақсатында қатыгез шабуыл жасалған еді.

Қатты мас болған жәбірленушінің дәрменсіз күйіне қарамастан, қаскүнем оны аяусыз ұрып-соғып, ұялы телефоны мен 10 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын алып кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

29 қарашада полиция қызметкерлері күдіктіні құрықтады. Ол кінәсін мойындады. Ұсталған азамат бұзақылық жасағаны үшін бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру