Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалған тұрғынның құмар ойын ойнап, қыдырып жүргендігі анықталды

Түркістан облысының полицейлері үш күн бойы хабарсыз кеткен азаматты тәулік ішінде Шымкенттен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданып, өзінің некедегі күйеуі үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп із-түзсіз жоғалып, табылмай жатқандығын хабарлаған. Алғашқыда ер азаматты өздіктерінен туыстарының үйінен іздеп, ұялы телефон арқылы табамыз деп әрекеттенген. Ақыры нәтиже шықпағаннан соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары бірден тіркеуге алды. Азаматты табу үшін учаскелік полицейлер мен жедел уәкілдер жұмылдырылды. Олар жоғалған ер азаматты тез арада табу мақсатында көлік жүргізушілерінен, куәгерлерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Осындай жедел шаралардың арқасында өз істеріне мұқият кіріскен түлкібастық полицейлер азаматты тәулік ішінде Шымкент қаласынан жалдамалы пәтерден тапты. Жоғалған тұрғынның құмар ойын ойнап, қыдырып жүргендігі анықталды. Тәртіп сақшылары аталған азаматты мегаполистен тауып, аман-есен үйіне жеткізді. Әйелі күйеуінің дін аман табылғанына қуанып, полицейлерге ерекше алғыстарын жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері «жоғалып кету» жайты көбінесе отбасындағы ұрыс-керіс кикілжіңнен туындайтынын айтады.

Жақындарыңызға жанашыр, жақын болып жүріңіздер! Полицейлер азаматтарға заңсыз әрекеттерге бой алдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру