Алматы полицейі өзінің әлеуметтік желідегі жұмыс тәжірибесі туралы айтты
Алматы полицейі өзінің әлеуметтік желідегі жұмыс тәжірибесі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әуезов ауданының №34 ППБ учаскелік полиция инспекторы Рүстембек Сансызбайұлы – аудиториясы көп ғаламтордың белсенді қолданушылардың бірі.
– Мен ақпарат алу және дер кезінде жауап беру үшін өзімнің бастамам бойынша полиция Департаменті бастығының мысалын пайдаланып «Facebook» парақшамды аштым. Тұрғындар менің әлеуметтік желілердегі жеке парақшама хабарласа алады. Бұл парақша пайдалы ақпарат алуға көмектеседі, мысалы, тұрғындар учаскеде «сырахана» ашылғандығын, тұрақты тұратын жері жоқ адамдар жиналатын орынды, мүмкін, бір жерде шатыр немесе жертөле ашық қалғанын айта алады. Сондай-ақ, одан да құпия ақпарат бар, мысалы, көршілер кімнің көшіп кеткенін, пәтерге кімнің кіргенін айтады. Әрине, бұл алға ұмтылуға мүмкіндік береді. Меніңше, тұрғындарға осылай диалог жүргізу ыңғайлы, – деді Сансызбайұлы.
Естеріңізге сала кетейік, биыл шаһар полициясының басшысы Қанат Таймерденов «Facebook» парақшасын ашты және оны тікелей эфирлерге шығу арқылы белсенді жүргізіп жатыр. Оның үлгісін аудандық ішкі істер бөлімдері мен жетекші қызметтердің басшылары жалғастырды. Көп ұзамай қаланың «102» аға учаскелік полиция инспекторларының парақшалары ашылып, көпшілікке ұсынылды.