Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық мереке ұйымдастырды

Алматы полициясы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық мереке ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы полициясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері Бостандық ауданы «Бағанашыл» ықшамауданында орналасқан №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне барды.

Балалар үйінің спорт залында спорттық жарыстар өткізілді. Командалар үздік болу құқығы үшін аянбай күресті. Ойындардың басты шарты полиция қызметкерлерінің міндетті қатысуы болды: әр командада бір офицер бар. Байқау қорытындысы бойынша тәртіп сақшыларының барлық қатысушыларына мадақтама, кубоктар мен сыйлықтар табысталды.

– Мұндай мейірімді кездесулер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ғана емес, сонымен қатар, полицияның жақын маңда екендігін сезінуге көмектеседі, яғни балалар полиция қызметкерін қорғаушы ретінде ғана емес, дос ретінде қабылдайды. Бұл ата-анасыз өсіп жатқан балалар үшін өте маңызды. Өкінішке орай, қалада карантиндік шаралар күшейіп тұрған кезде біз балалар үйіне жиі бара алмаймыз. Ерте ме, кеш пе, кез-келген пандемия аяқталады, содан кейін біз осындай шараларды жиі өткізетін боламыз. Қазір барлығы үшін ең бастысы – денсаулықты сақтау, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Абдуали Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру