Алматы полицейлері жаңа челлендж бастады
Алматы қаласының полицейлері "#Қазақстан_Республикасына_қызмет_етемін" челленджін бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл шара еліміздің Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Шараның басты мақсаты - ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес мұра ретінде берілетін рухани-патриоттық және адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу болып табылады.
Тәртіп сақшылары арасында мемлекеттік тілді жетік білетін өзге ұлт өкілдері бар. Сондай қызметкерлердің бірі - полиция кіші сержанты Виталий Максимов. Ол болашағынан үлкен үміт күттіретін жас полицейлердің бірі.
- Мен әріптестерімді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын және Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департментінің қызметкерлеріне "#Қазақстан_Республикасына_қызмет_етемін" челленджін жолдаймын" - деді Виталий Максимов.