Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған жылқы табылып, заңды иесіне қайтарылды

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Желтоқсан айының алғашқы күні Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын әйел арызданады. Арызданушының мәлімдеуі бойынша ауыл маңындағы жайылым жерінде жүрген бір бас жылқысын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Болған жайт ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша Төлеби АПБ-нің СДТБТ тіркеуге алынды.

Аталмыш ұрлық қылмысы жәбірленушіге 300 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Мал ұрлықтарының ізін суытпай жедел ашу мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Төлеби АПБ қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. Білікті полицейлер өз құзыреттеріне сай қылмыскерлерді құрықтау үшін кешенді іс-шаралардың барлығын атқарды. Яғни, жайылымдық жерлерді тыңғылықты тексеріп, аймақтарды тінтіп шығу бойынша бірқатар әрекетті іске асырды.

Осылайша, атқарылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер мал ұрлығына қатысы бар сол ауылдың тұрғынын құрықтады.

Тергеу барысы көрсеткендей, күдікті азамат жайылымнан бір бас жылқыны жымқырып, өз қажеттілігі үшін 80 мың теңгеге сатып жіберген. Қазіргі таңда полицейлер айғақты зат ретінде жылқыны заңды иесіне қайтарды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мал жайылымында жүрген малдарын қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Сондай-ақ, мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітіліп, малдарға ен салынып, таңбалануы қажеттігін айтады. Төрт түлік жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай бірден полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру