Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер марапатталды

Қостанай облысы Полиция департаментінің 25 қызметкері Тәуелсіздік күні қарсаңында  “Халық алғысы” медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының Полиция департаментінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара Департаменттің мұражайында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылды.

Облыстың ПД бастығы Бекет Аймағамбетов жеке құрамды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімімен біріктірілген және Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық қазақстандықтар үшін басты мереке екенін атап өтті.

– Біздің елде планетаға қауіп төндіріп отырған пандемиямен күрес әлі де жалғасуда. Қазіргі жағдайда полиция қызметкерлері медицина қызметкерлерімен бірге алдыңғы шепте жұмыс істеп жүр. Қазір біздің жұмысымызға азаматтарымыздың қауіпсіздігі ғана емес, олардың денсаулығы мен амандығы да байланысты, – деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Ұлттық мереке құрметіне Департамент басшылығы отставкадағы подполковник Батырбек Нурекинге “ҚР ІІО ардагері” медалін табыстады. Ардагер Ішкі істер органдарында 32 жылдан астам қызмет етіп, 2005 жылы Арқалық қаласы ІІБ бөлім бастығы қызметінен құрметті демалысқа шықты.

Сондай-ақ пандемиямен күрес кезіндегі ерен еңбегі үшін Президент Жарлығымен өңірдің 25 полицейі “Халық алғысы” медалімен марапатталды.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен 50-ден астам қостанайлық полицей көтермеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру