Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталған азаматтар сынақ тапсырды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/18 мекемесі базасында №1 Жарма аудандық колледжі және №18 кешкі мектеп жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі мектепте қамауға алынғанға дейін орта білім алмаған сотталған азаматтар білім алса, ал кәсіптік колледжде әрлеуші, аспазшы, тігінші секілді мамандықтарды игермек болған сотталғандар оқып жатыр.

Қазіргі таңда елімізде карантиндік шаралар сақтау қажеттілігі туындауына байланысты аталған білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту тәсілін пайдаланады, яғни тапсырмаларды электрондық түрде ұсынып, білім деңгейін сырттай бағалау арқылы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында аталған білім ордаларының біріккен жұмыстарының нәтижесінде сотталған азаматтар өздерінің ұлтының, елі мен жерінің, сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеу тарихын білуін сынау мүмкіндігіне ие болды.

   – Арнайы контингент арасында тарихты білу бойынша сынақ өткізу идеясы сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психиологиялық жұмыс жүргізу бөлімінің қызметкерлеріне тиесілі және бөлім қызметкерлері оқу аудиторияларын аталған іс-шараны өткізу үшін санитарлық ережелерге сай дайындады. Содан соң колледж бен мектеп өкілдерінің көмегімен сотталғандар үшін тесттік тапсырмалар әзірленді, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жәнібек Сыдыков.

Тапсырмалар тек тест түрінде ғана емес, сонымен қатар  сотталғандардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік қалдырыла отырылып ұсынылды, ол үшін сотталған азаматтарға басталған ойды дамыту және Қазақстанның он жылдан кейінгі келешегін қалай елестететіндіктері жөнінде ой толғау мүмкіндіктері берілді.

   – Іс-шараны ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, бұл сайыс өте кең тәрбиелік мәнге ие, атап айтқанда сотталғандардың азаматтық қоғамға тезірек оралуға деген құлшыныстарын арттырып, парасатты өмір салтын аңсауына ықпал етеді, – деді мекеме психологы Венера Токтыбаева.

Орындалған тапсырмалар электронды құжат алмасу тәсілімен ұйымдастырушыларға жолданып, олар қысқа мерзімде сынақ нәтижелерін ұсынды.

Жазасын өтеушілердің ел тарихын білу деңгейінің жоғарылығын, ал олардың ой-толғауларынан бостандықтағы өмірге тезірек оралғылары келетіндігі мен қоғамның және жақын туған-туыстарының құрметіне қайта кенелгісі келетіндіктерін ерекше атап өтуге тұратын жайттар деуге болады.

– Сайысқа қатысуды ұсынған кезде ұсынысты бірден қабылдадым, себебі біз кешкі мектепте білім алу кезінде Қазақстан тарихына ерекше қызығушылық танытқан едім. Ал ой-толғау жазу кезінде тезірек бостандыққа шығып, анамды құшақтағым келетіндігін жаздым, себебі Тәуелсіздік деген –  елдегі бейбітшілік пен келісім және де отбасындағы тыныштық пен береке, – деді іс-шараға қатысқан сотталғандардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру