Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер “Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты” атты кітап көрмесіне барды

Арал ауданының ПБ қызметкерлері Арал аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған “Тәуелсіздік-мәңгілік ел мұраты” атты кең көлемді кітап көрмесіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрменің мақсаты – Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, еліміздің жеткен жетістіктері мен табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы көрмені тамашалап, Елбасының қаламынан туындаған “Ғасырлар тоғысында”, “Тарих толқынында”, “Тәуелсіздік дәуірі” сияқты шығармалармен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру