Министр Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады
Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев жеке құрамды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрілігі басшылығының және жеке өз атымнан ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі, Ұлттық ұланының жеке құрамын және ардагерлерін, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата-бабамыздың асқақ арманымен жеткен тарихи белес, қастерлі жеңіс еліміздің айбыны мен мәртебесін асқақтатып, халқымызды ынтымақтастыра түсетіні сөзсіз.
Бүгін қоғам бізге жоғары талаптар қояды. Көшедегі тәртіп, қазақстандықтардың тыныштығы, олардың жеке қауіпсіздіктеріне сенімділігі нақты бізге байланысты.
Сенімді ақтау және оны тиісті деңгейде ұстап қалуды біз ісімізге жауаптылықпен, әрқайсысының проблемасына назар аударумен және қамқорлықпен, ең бастысы сауатты және кәсіби жұмыспен ғана жүзеге асыра аламыз.
Биыл еліміздің тарихында алғашқы рет төтенше жағдайда біз құқықтық тәртіп пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз еттік. Ішкі істер органдарының қызметкерлері айтарлықтай тәуекелге қарамастан, құқықтық тәртіпті және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өз қызметтік міндеттерін лайықты орындады.
Кәсібіне деген адалдығы, жас мамандарды тәрбиелеуге, олардың бойында жоғары адамгершілік құндылықтарды, патриоттық сезім мен Отанына нағыз сүйіспеншілікті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін ардагерлерімізге ерекше алғыс білдіремін.
Ішкі істер органдарының алдында ауқымды мемлекеттік міндеттер қойылған. Олардың барлығын сапалы және уақтылы орындалатынына сенім білдіремін. Себебі әрқайсысымыз үшін құқықтық тәртіп пен заңдылық – тек жұмыс қана емес, барлық өмірімізді арнаған сүйікті іс.
Осынау мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін.