Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоқыс тастаған тұрғын жауапқа тартылды

Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері патрульдеу барысында аудан тұрғындары мен жүргізушілері жіберген бірқатар құқық бұзушылық деректерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

С.Сейфуллин көшесінде «BMW» маркалы автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан жүріп кеткен. Соның негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына өту, бұл 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Қала ішінде бүйір әйнектері қараңғыланған «Ваз» және «Ваз 21070» маркалы жеке көліктерін басқарған екі жүргізушіге де ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі (Жүргізушіге шолуды шектейтін заттарды орнату немесе т/с жел және алдыңғы бүйір әйнектеріне жабын/пленка жағу, бұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қоқыс тастау дерегі анықталды. Нәтижесінде Тараз қаласының 44 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі (Жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару, бұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру