Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескендер жауапқа тартылады

СҚО полицейлері қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескені үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Полиция департаментінің табиғатты қорғау полицейлері «Шырша» акциясы шеңберінде жұмыстарын жалғастыруда. Міндеті – мерекелік күндер қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды браконьерлерден қорғау. Шырша саудалау орындары ерекше назарға алынды. Кәсіпкерлердің тауардың жеткізілген жерін растайтын құжаттары және саудаланып жатқан аумақтағы сауда нүктелерінің әкімшілігімен шарты тексеріледі. Бүгінгі күнге бұзушылықтар анықталған жоқ. Петропавлдықтардың үйлерін безендіретін шыршалардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан жеткізілсе, бір бөлігі Кондратовка орман шаруашылығынан әкелінген.

– Рейдті құрамына полицейлерден басқа, желілік полиция бөлімінің қызметкерлері, Табиғи ресурстар басқармасы мен Қызылжар орман шаруашылығының өкілдерінен тұратын мобильдік топ жүргізуде, – деді СҚО ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Сергей Кокорин. Орман шаруашылығының қызметкерлері қылқан жапырақтыларды қорғау үшін бекеттер қойып, полицейлермен ұдайы байланыста болады. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шырша тасымалдайтын жүргізушілердің құжаттарын тексереді. Бүгінгі таңда бұзушылықтар анықталмады.


Тәртіп сақшылары ағашты заңсыз кескені үшін айыппұл қарастырылатынын ескертеді. Егер мемлекетке келтірілген шығын көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке жетсе, ірі көлемде айыппұл төлеу, қамауға алу немесе қылмыстық топпен жасалған жағдайда, бас бостандығынан айыру жазалары қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру