Бір келіден астам гашиш тәркіленді
Қарағандылық полицейлер заңсыз айналымнан бір келіден астам гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласы Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ешқайда жұмыс істемейтін Қарағанды қаласының тұрғынынан бір келіден астам гашиш тәркіледі.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
– Қарағанды қаласы Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 424 келіден астам түрлі есірткіні тәркілегенін айта кету керек. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласы бойынша наркологиялық есепте 554 есірткіге тәуелді тұлға тұр, – деп хабарлады Қарағанды қаласы ПБ бастығы Думан Қожахметов.