Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды

Павлодар қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын Ерлан Жақыповтан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өз хатында жергілікті  тұрғын жедел уәкіл Досжан Қапсаттаров пен Дәурен Байғозинге оның ұрланған велосипеді туралы хабарламаға жедел ден қойып, тауып бергені үшін алғысын білдірді.

– Алдағы мерекелер қарсаңында Сіздерге және Оңтүстік полиция бөлімінің барлық ұжымына мықты денсаулық, амандық және барлық жақсылықты тілеймін! – делінген алғыс хатта. 

16 желтоқсанда Ерлан Жақыпов Н.Назарбаев даңғылындағы үйдің кіреберісінен өзінің велосипедінің ұрланғанын байқап, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтап, ұстады, ал ұрланған мүлік иесіне қайтарылған еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру