Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

6500-ге жуық жаяу жүргінші жол ережесін бұзған

Атырау облысында жыл басынан бері 6 500-ге жуық жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Патрульдік полицейлер жүргіншілерге белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өтпеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Соған қарамастан, жолды белгіленбеген орындардан кесіп өтетін жаяу жүргіншілер қатары азаймай тұр, – деді Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

Жаяу жүргіншілер көбіне бағдаршамның қызыл түсіне мән бермейді. Жақында көлік нөпірі арасынан кішкентай баламен бірге жолды кесіп өткен жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

– 17 желтоқсан күні сағат 11:46 шамасында Баймұханов көшесінде орналасқан сауда үйінің тұсында 53 жастағы азаматша 10 жастағы баламен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, өзіне ғана емес, балаға да қауіп төндірді. Аталған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабымен (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылып, оған екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ құқық бұзушыға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірілді – деді патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сәрсенбаев.

Өңірде жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 6 500 жуық жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру