Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер балаларды пиротехникалық бұйымдардан қорғауға шақырады

Жамбылдық полицейлер ата-аналарды жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балаларын қадағалау қажеттігін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отшашулар, бенгаль от ұшқындары, петарда және жарылғыш-пакеттер кішкентай балаларға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
Мәселен, отшашулар шамамен 1000°С температурада жануы мүмкін. Бенгаль шамдары, тіпті жақын қашықтықта болса да, термиялық күйікке әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, ұшқан бөлшектері көзге түсіп кетуі мүмкін, ал термиттік қоспаға бекітілген ыстық желі киімді немесе Жаңа жылдық әшекейлерді тез тұтандырады.

Петарда немесе жарылғыш-пакет бірнеше минут ішінде көзді де, бетті де, қолды да зақымдауы мүмкін.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер арасында өте танымал ойын – үйлердің кіреберістеріне, терезелеріне, электр сымдарына немесе үй жануарларына бағытталған отшашулар, петардалар азаматтардың тыныштығын бұзып қана қоймай, айтарлықтай зиян келтіруі де мүмкін.

– ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабына сәйкес, елді мекендерде және арнайы бөлінбеген орындарда жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленген тәртіпті бұзатын және 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған ірі материалдық залал келтіруге әкеп соғатын пиротехникалық бұйымдарды қолдану – пиротехникалық бұйымдарды тәркілей отырып, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу, сондай-ақ балалар жарақаттануының ықтималды қауіп факторын немесе кәмелетке толмағандардың қатысуымен өзге де құқыққа қарсы әрекеттерді болдырмау мақсатында пиротехникалық бұйымдарды қолдануда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, ересектердің жіті қадағалауымен ғана пайдалануға шақырамын, – деп түйіндеді сөзін Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру