Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір күнде Ақтөбе облысы бойынша 16 қылмыс тіркелді

22-24 желтоқсан аралығында полиция қызметкерлері көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға 20 волонтер қатысты.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында бір күнде облыс бойынша 16 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте 11 қылмыс ашылды. Үш – іздеуде жүрген адам ұсталды. Сегіз – бұрын жасалған қылмыс ашылды.Тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру және сақтаудың 34 фактісі анықталды:

– бір факт есірткі заттарын алып жүру;

– бір факт оқ-дәрілерді заңсыз алып жүру;

– суық қару (пышақ) алып жүрудің 32 фактісі.

«Нөлдік төзімділік» тәртібінде 642 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін – 21, ұсақ бұзақылық – 81, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 72, УБжДО – 22 адам орналастырылды, қабылдау-тарату орнына жеті адам қамалды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 320 факті анықталып, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқару бойынша – 15, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру бойынша – 62, қарсы жолаққа шығу фактісі – жеті, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермеу бойынша – 61, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзу фактісі -105.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру