Олимпиада ойындарының жүлдегері жамбылдық полицейлерге үздік қызметі үшін алғысын білдірді
Олимпиада ойындарының жүлдегері жамбылдық полицейлерге үздік қызметі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еркін күрестен қазақстандық балуан, Лондондағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысының полицейлеріне жылқыларының ұрлану дерегін жедел түрде ашқаны үшін бейнежазба арқылы алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, Ақжүрек Таңатаров полицияға белгісіз адамдардың Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы жайылымнан 26 бас жылқысының ұрланғаны туралы арызданған болатын.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-1-бабы 4-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының полицейлері мал ұрлағаны үшін бұрын екі рет сотты болған Жарлысу ауылының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Ұрланған жылқылар иесіне қайтарылды.