Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

50 құқық бұзушылық анықталды

Қостанай облысының аумағында «Ақбөкен» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында полицейлер «Ақбөкен» жедел-алдын алу шарасы аясында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 50 дерегін анықтады.

2020 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «ОХОТЗООПРОМ» РМҚК инспекторларымен және «Алтын дала» МДҚ РММ инспекторларымен бірлесіп «Ақбөкен»республикалық акциясы аясында рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясының бастығы Талғат Ахметовтің айтуынша, акция басталғалы бері мүдделі табиғат қорғау ұйымдарымен бірлесіп, күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізетін 23 мобильді топ құрылған.

– 376 рейдтік іс-шара өткізілді,оның барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 50 дерегі анықталды. Оның ішінде заңсыз аң аулағаны үшін 40 құқық бұзушы, заңсыз балық аулағаны үшін 10 құқық бұзушы ұсталды, – деп атап өтті Т.Ахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру