Ақтөбеде жыл сайын полицияға 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандар жеткізіледі
Ақтөбеде жыл сайын полицияға 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандар жеткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын-алудың негізі жалпы қылмысты болдынмаудың негізгі принциптері болып табылады. Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың алдын алуда олардың басқа жас санатындағы адамдардан айырмашылығына, сондай-ақ олар жасаған қылмыстардың өзгешелігіне байланысты ерекшеліктер бар.
Жыл сайын полиция органдарына түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бес мыңға жуық кәмелетке толмаған бала жеткізіледі. Төрт мыңнан астам кәмелетке толмаған балалар түнгі уақытта тұрғын емес үй-жайларда болғаны үшін жеткізіледі. Оның ішінде 100-ге жуығы түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін.
Департамент бастығының айтуынша, қылмыстың барлық түрі бойынша төмендеу байқалады.
– ТЖ режимі мен карантиндік шаралар қызметтің барлық саласына өзгерістер енгізді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс деңгейі 37%-ға төмендеді. Жеке профилактика шаралары 400-ден астам қолайсыз отбасыларға қатысты қолданылады. 625 кәмелетке толмағандар есепке алынды. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін өткен кезеңде 174 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ең алдымен, ата-аналар балалардың мінез-құлқына назар аударуы керек. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларының қайда екенін білмейтін көптеген жағдайлар тіркелген. Олар баласының кіммен сөйлесетінін мүмкіндігінше жақсы білуге тырысуы керек, өйткені құрдастарымен достық қарым-қатынас жасөспірімдегі басты психологиялық қажеттіліктердің бірі болып табылады. Отбасы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесіндегі маңызды элемент болып табылады, – деді Атығай Арыстанов.
Қылмыстың алдын алу процесінде полиция қызметкерлері өздерінің күш-жігерін қылмыстарға ықпал ететін себептерді, жағдайларды анықтауға, сондай-ақ оларды жоюға, шектеуге және бейтараптандыруға бағыттауы керек. Осы мақсатта облыстық полиция қызметкерлері алдын алу қызметіне қатысатын мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл ұйымдастырып, кешенді акциялар, рейдтер, мақсатты тексерулер және басқа да іс-шаралар өткізуде.