Алаяққа сенген Петропавл тұрғыны 100 мың теңгеден астам ақшасынан айырылды
Алаяққа сенген Петропавл тұрғыны 100 мың теңгеден астам ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Банкротқа ұшыраған компанияның қызметтері үшін өтемақы төленеді деген алаяқтық уәдесіне сенген Петропавл тұрғыны 100 мың теңгеден астам ақшасынан айырылды. 23 желтоқсанда СҚО 41 жастағы тұрғынына ол өткен жылы дәріге тапсырыс берген ресейлік фирма банкротқа ұшырады деп телефонмен хабарлаған. Соттың шешімімен барлық клиенттің өтемақы алуға құқығы бар, тек оны алу үшін 106 567 теңге мөлшерінде салық аудару қажет делінген. Әйел ақша аударған, кейін қаскөй хабарласып «шотты бұғаттан босату үшін» тағы да бір төлем жасау керектігін айтқан. Алдауды сезген қала тұрғыны төлем жасаудан бас тартып, полицияға жүгінген. Бұдан кейін алаяқпен байланыс үзілген. Петропавл қ. ПБ қызметкерлері аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізді. Жедел іс-шаралар өткізілуде.
– Алаяқтардың көпшілігі төлем жасаймыз деп адамдарды өздерінің құрығына түсіреді, – дейді Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов. — Бұл жағдайда да солай болып отыр, яғни ақшалай өтемақы, лоторея ұтысы, мұрагерлікті ашу — оның түрлері жетерлік. Олардың ойларының бәрі бір: күтпеген олжаға қол жеткізу үшін қандай да бір сома аудару керегін, әдетте алаяқтар салық төлеу қажеттігін айтады. Кейде алаяқтар хакерлік шабуыл жасап, клиенттердің деректер базасын пайдаланады. Осындай уәделерге сенбеген, мысалға, сізге хабарласқан ұйым туралы қосымша мәліметтерді талап еткен жөн. Мұндай сұрақтар алаяқтарды райынан қайтарады. Сақтық танытып, сізден ақша қаражатын аудару қажеттігі туралы ақпаратты әрдайым тексерген дұрыс.