Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңа жыл қарсаңында Қызылорда облысы Қазалы ауданының ПБ қызметкерлері Ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт елде тыныш өмір сүріп бүгінгідей күнге жетуіне ардагерлеріміздің қосқан үлесі айтарлықтай.
Жыл сайын мереке қарсаңында Қазалы ауданының ПБ қызметкерлері Ішкі істер органдарының ардагерлерін мерекемен құттықтап, құрмет көрсетіп келеді.
Биыл да бөлім қызметкерлері Қазалы ауданының полиция бөлімінде қажырлы еңбек етіп, еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер Жасағанберген Абдреймовтің үйіне құттықтап барды.
– Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабамыздан келе жатырған салтымыз. Біз үшін сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің, тәлім-тәрбиелеріңіздің орны бөлек. Сіздер талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер»- деді бөлім бастығының орынбасары А.Алиев құттықтау сөзінде.