Полицейлер 102 жасқа толған әжейді құттықтады
Қызылордалық полицейлер 102 жасқа толған әжейді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 1 қаңтарда Қызылорда облысы ПД Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1919 жылғы 1 қаңтарда туған Батти Аманбаеваны құттықтап қайтты.
Батти әжей отбасымен Еңбек ауылында тұрады. Ол жеті баланы дүниеге әкелген, қазір олардың үшеуі ғана бар. Оның 21 немересі, 38 шөбересі және 12 шөпшегі бар.
2020 жылы Батти Аманбаеваға Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Қарт ана тәртіп сақшыларына алғысын айтып, батасын берді.