Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тіркелмеген мылтық тәркіленді

Қызылордалық полицейлер рейд барысында аудан тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қызылордалық полицейлер Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғынынан нөмірі өшірілген 16 калибрлі тіркелмеген аңшы мылтығын тәркіледі.

Айғақ зат Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасына зерттеуге жіберілді.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру