СҚО полицейлері фермерлерге ұрланған бұзауларын қайтарды
СҚО полицейлері фермерлерге ұрланған бұзауларын қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 желтоқсан күні Ғабит Мүсірепов ат. аудандағы мал шаруашылығы кешендерінің бірінің жұмысшылары мал ұрланғанын айтып полицияға жүгінген. Белгісіз қылмыскерлер кәсіпорын аумағына қоршаудың астынан кіріп, қашардан құны 130 мың теңге тұратын үш айлық екі бұзауды ұрлап әкеткен. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын бастады. 30 желтоқсан үй-үйді аралау барысында күдіктілер анықталды: көрші ауылдың 22 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-б. (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты келуі туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Ұрланған жануарлар алынып, иелеріне қайтарылды. Ұсталғандардың сөзінше, олар бұзауларды сатпақшы болған, алайда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқан полицейлерден сескеніп, ойындағыларын іске асыра алмаған.
– 2020 жылғы тамыздан мал бағудың ережелері қабылданып, мал ұрлығына жағдай жасайтын, еркін жайылыммен күресу механизмі пайда болды, – дейді Ғ. Мүсірепов ат. ауданның ПБ бастығы Марат Әлжанов. – Басқа да профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Осының нәтижесінде аудандағы ұқсас қылмыстардың саны едәуір төмендеді: 2019 жылы 14 факті тіркелсе, өткен жылы бес факті тіркелді.