Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған үшеуді ұстады

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған үшеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ның кезекші бөлімінің «102» нөміріне Кентау трансформатор зауытында қосымша құрылғылардың ұрланғаны жөнінде хабарлама түскен. Келтірілген жалпы шығын көлемі бір миллион теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Осы бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы шығып, күдіктіні анықтауға кірісті. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, үш азаматтан құралған қылмыстық топты ұстады. Ұрланған заттар толығымен тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Өз кінәларын толық мойындаған күдіктілерге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жалғасуда.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілердің екеуі жергілікті азамат, қалған біреуі Отырар ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Қолға түскен күдікті ер азаматтар сол жердің жұмысшылары болып шықты. Олар трансформатордың қосалқы бөлшектерін зауыт аумағынан ұрлап шығып, өздерінің жеке автокөліктеріне жасырған. Алайда жасаған теріс қылықтары іске аспастан, қолға түсті.

Түркістан облысының полицейлері жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар өз мүліктеріңізге барынша ие болуға шақырады. Егер сіз, ұрлық жайтының куәгері немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру