Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннен киім ұрлаған азаматтың қылмыстық әрекеттері әшкереленді

Жамбыл облысының Тараз қаласында дүкеннен киім-кешек ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласында орналасқан сауда үйлерінің бірінің заңды өкілі полицияға жүгініп, белгісіз тұлғаның осы дүкенде болған кезде еркін қол жеткізу жолымен жалпы сомасы 23 500 теңге болатын түрлі киімдерді жасырын ұрлағаны жөнінде шағымданған.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласының ПБ №1 ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері «ізін суытпай» 35 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру