Алматы облысында 2020 жылы қылмыстардың ашылуы айтарлықтай жақсарған
Алматы облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр 2020 жылдың қорытындыларымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол қылмыстың ашылуы 2020 жылы 65% – дан асқанын, жағдайдың 2019 жылға қарағанда әлдеқайда жақсарғанын атап өтті.
– Ауыр қылмыс түрлерінің ашылуы айтарлықтай жақсарды. Егер қасақана кісі өлтіру туралы айтатын болсақ, бұрын жасалған осындай 30 қылмыс ашылды, олардың 3-і өткен жылдары жасалған. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректерінің ашылуы бірнеше есе жақсарды. Жәбірленуші қайтыс болған мұндай қылмыстардың ашылуы 100% құрады, – деді Алматы облысының ПД КПБ бастығы Асхат Данияр.
Облыс бойынша 511 адам іздестірілуде, оның 208-і өткен жылдардан бері іздестірілуде.
– Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеу жарияланған 308 адам анықталып, ұсталды, олардың 245-і іздеуге 2020 жылы жарияланса, қалған 63-і бұрыннан іздеуде болған,- деп толықтырды Асхат Данияр.