РФ Ханты-Мансийск автономды округінің тұрғыны СҚО полицейлеріне алғысын білдірді
РФ Ханты-Мансийск автономды округінің тұрғыны анасына қамқорлық танытқан СҚО полицейлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО аудандарының бірінің орталығы Пресновкада 86 жастағы тыл еңбеккері Мария Верходанова тұрады. Кез келген ауыл тұрғыны секілді зейнеткердің өмірі де қиындықтарға толы, оны жеңу үшін оған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қол ұшын береді. Аудан полицейлері зейнеткерге бақшадағы жерді қазу, арам шөптерді жұлу, су әкелу, үй жуу сынды жұмыстарды істеуге көмектеседі.
– Еңбек ардагері полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмайды. Пандемияның кесірінен зейнеткердің балаларының жиі келіп тұруына мүмкіндік жоқ, ал полицейлер зейнеткерге қамқорлық танытып қана қоймай, ардагерден үлгі алады – дейді Жамбыл ауданының ПБ бастығы Асан Мейрамов.
РФ Сургут қаласынан анасын Жаңа жылмен құттықтауға келген қызы Галина Овсянникова тәртіп сақшыларына анасына ерекше мейіріммен, қамқорлық танытқаны үшін жүрекжарды алғысын білдірді.
– Бос уақыт тауып, анама көңіл бөлген полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысым шексіз. Үйді тазалап, жууға көмектескен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысым ерекше. Адамдарда отбасы құндылықтарын қастерлеу, қарияларға деген құрмет бар. Мұның бәрі көңіл қуантады, – деп сөзін аяқтады ресейлік тұрғын.