Қызылорда-Құмкөл автожолында болған жол-көлік оқиғасынан 5 адам көз жұмды
Қызылорда-Құмкөл автожолында болған жол-көлік оқиғасынан бес адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 13 қаңтарында сағат 14:20 шамасында Қызылорда-Құмкөл автожолының 69 км-де «Мерседес Бенц Спринтер» және «Тойота Хайлюкс» автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері және бір жолаушы оқиға орнында, екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды. Сонымен қатар, қалған бес жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Жол – көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы). Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.