Карантин режимінің сақталуын полицейлер қатаң қадағалауда
Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Баршамызға белігілі биылғы наурыз айынан бері елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты карантин режимі енгізіліп, бүгінгі күнге дейін карантиндік режим жалғасып келеді. Карантин шектулері жеңілдегенімен, көшеде, қоғамдық орындармен адамдар көп жиналатын орындарда бетперде тағу режимі әлі де сақталуда.
Осыған орай Арыс ауданы көлемінде Орталық базар аумағында жүрген тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өздерінің тарапанынан көмек ретінде тегін бетперделер тарқатты.
Түркістан облысының полицейлері өңір тұрғындарына арақашықтық пен маска режимін сақтауды, көп адам жиналатын іс-шаралар, той-жиындарды өткізбеуді ескертеді. Сонымен қатар мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.