Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды

Түркістан облысында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ЖПҚБ-ның тоқсандық жоспарына сәйкес, Кентау қаласы аумағында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, ескерту жұмыстарын атқару мақсатында, ағымдағы жылдың 27-29 қаңтар аралығында «Жаcөспірім» алдын алу профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған шараның мақсаты – кәмелетке толмағандармен, оның ішінде топта жасаған кылмыстарды, кәмелетке толмағандарды алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс және ойын-сауық орындарда болу жайттарын анықтау және жолын кесу. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды тәркілеу болып табылады. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарга құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру үшін кездесулер мен семинарлар өткізілді.

Жоғарыда көрсетілген өкілетті органдардың өкілдерінің қатысуымен түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғынжайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде түнгі мезгілде ата-анасының еріп жүруінсіз мекенжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған жеті жасөспірім анықталып, олардың ата – аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-6абы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген бір ойын-сауық мекемесінің қызметкеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар балаларының тәрбиесін кадағаламаған бір ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау) әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Іс-шара барысында, Кентау қаласының ПБ ЖПҚ ЮПТ есебіне әртүрлі жағдайлармен бір жасөспірім және екі күрделі жанұя есепке алынды.
Сондай-ақ Арыс ауданында да «Жасөспірім» іс-шарасы өз жалғасын табуда. Арыс АПБ-ның қызметкерлері оқу орындарында, мәжіліс залдарында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты ұйымдастырылған рейдтік жұмыстардың нәтижесінде, түнгі сағат 23:00 шамасында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің тұрғынжайдан тыс жүргендері анықталды. Аталған жайтқа байланысты жасөспірімдердің ата-аналары шақыртылып, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен тоғыз хаттама түзілген.

Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру