Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері емханадағы ұрлықты ашты

Петропавл полицейлері емханадағы ұрлықты «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 ақпан күні 67 жастағы Петропавл тұрғыны №1 қалалық емхананың тіркеу орнынан полицияға қоңырау шалған. Ер адам курткасын киімжайға тапсырмаған. Ол дәрігердің кабинетінен шыққан кезде дәлізде қалдырған сырт киімінің жоғалғанын байқаған. Онымен бірге «Huawei» маркалы телефоны да қолды болған. Келтірілген шығын сомасы 120 мың теңгені құтқарды.

Оқиға орнына келген полицейлер күзет қызметінің қызметкерлерімен бірге бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарап шығады. Олар жоғалған киімді сипаттауы бойынша қолында оралған курта ұстаған ер адамның емханадан шыққанын байқайды. Бағыт-бағдар бойынша учаскелік инспекторлардың бірі тұрғылықты мекен жайы жоқ, бұрын сотталған 52 жастағы облыс орталығының тұрғыны екендігін таниды. Көп кешіктірмей жедел уәкілдер оны Ойқала ауданында ұстайды. Ұсталған адам медициналық қызмет алу үшін жүгінгенін және кушеткада жатқан оңай олжаны құр жібермейін деп түсіндірген. Қалтасынан табылған телефонды сатпақ болған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған заттар алынды және тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін иесіне қайтарылатын болады.

– Мүлікті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғаудың ең жақсысы қырағылық таныту екендігін естеріңізге саламыз, – дейді Петропавл қ. ПБ Криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Қаптаев. — Өз мүлкіңе немқұрайлы қарау белгілі бір санаттағы адамдардың оңай олжаға кенелуіне септігін тигізеді. Адамдарды қоғамдық орындарда сақ болуға, киімдеріңізді назардан тыс қалдырмауға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру