Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері бас қосудан кейін жасалған пәтер ұрлығын ашты

Петропавл полицейлері бас қосудан кейін жасалған пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласының полициясына 35 жастағы қала тұрғыны 50 мың теңге тұратын «Samsung» ұялы телефонының ұрланғаны туралы жүгінді. Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы күдіктіні анықтады. Күдікті бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, әйелмен бірге ішімдік ішкен 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұсталған ер адам телефонды сатып жібергенін айтты. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы тағайындалды. Полицейлер ұрланған мүлікті іздестіру бойынша шаралар қабылдауда.

– Спирттік ішімдіктерді ішкеннен кейін ұрлыққа бару – жиі жасалатын қылмыс түрі, – дейді Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов. – Әдетте көзге көрінетін жерде қалдырылған ақша немесе ұялы телефондар қолды болып жатады. Жалдамалы пәтерлерде жасалатын мұндай қылмыстардың желісі басқашалау болып келеді. Кейбір адамдар пәтерді ішімдік ішіп, бас қосуы үшін жалдайтыны белгілі. Бұл ретте пәтер жалдаушылар ұрлыққа бармағанымен, олардың «қонақтары» өздерімен бірге тұрмыстық техниканы: үтік, тіпті теледидарды алып кетіп жатады. Осындай аяқ асты жасалатын қылмыстардың алдын алу жұмысын учаскелік полиция инспекторлары жүргізеді, олар тұрғын үй иелерін пәтерлерді күн-түні жалға беруден бас тартуға шақырады, себебі дәл осындай пәтерлерде түнгі уақытта тыныштықты бұзу орын алуда.

Жыл басынан Петропавл қаласында барлығы 23 пәтер ұрлығы тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру