Атырауда қаруды сақтау, тіркеу ережелерін бұзғандар жауапқа тартылды
2021 жылдың 4-8 ақпаны аралығында Атырау облысының аумағында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара заңсыз сақталған қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздерін, заңсыз жеткізу арналарын анықтауға және қару иелерінің қаруды сақтау, тіркеу, қайта тіркеуін тексеруге бағытталған.
Тек қана 3 күн ішінде 2000-нан астам азаматтық қару иелері тексерілді. 100-ге жуық тұрғынның қаруды сақтау, тіркеу, тасымалдау ережелерін бұзғаны анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қарулары тәркіленді.
Заңсыз айналымнан ішкі істер органдарына тіркелмеген бес дана қару анықталып, оларға баллистикалық сараптама тағайындалды.