Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мұқтаж отбасыға көмек көрсетті

Қызылорда облысының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі азаматтың отбасына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылында отбасында мүмкіндігі шектеулі азаматы бар жанұя тұрады.

45 жастағы Ғазиз Айменов 12 жыл бұрын аурудың салдарынан бірінші топтағы мүгедек болып қалған. Ол әйелімен және үш баласымен бірге тұрады.

Бұл отбасының жағдайы туралы барлық ауыл біледі, жергілікті тұрғындар шамалары келгенше қолдау көрсетіп отырады.

Бұл ретте полиция қызметкерлері де қайырымдылық жасаудан шет қалған жоқ. Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері Айменовтар отбасына барып, азық-түлік жеткізіп берді.

– Полиция департаментінің қызметкерлері кез-келген уақытта көмекке келуге дайын. Көмекке мұқтаж көптеген адамдар бар. Оларға бей-жай қарамай, көмектесуге тырысамыз, – деді Қызылорда облысының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары Әділби Жүсіпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру