Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері бөтелкелестеріне балта ала жүгірген күдіктіні ұстады

Петропавл полицейлері бөтелкелестеріне балта ала жүгірген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дене жарақаттарын келтіру фактілерінің басым бөлігі ішімдікпен болған басқосулардан кейін орын алып жатады.

Осындай кезекті оқиға 8 ақпанға қараған түні Петропавлдағы жеке меншік үйлердің бірінде болған. Полицияға сол үйде бөлме жалдап тұратын, бұрын сотты болған 41 жастағы қалалық хабарласып, өзінің қылмыс жасағандығын айтқан. Оның сөзінше, өзіне аса таныс емес екі ер адамды қонаққа шақырған, соңында дау-жанжал туындап, біреуіне балта сілтеген. Екінші қонағы төбелескендерді айыру үстінде зардап шеккен. Нәтижесінде біреуі ауыр жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, екіншісі медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы (Қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша Сотқа-дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті ұсталды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. 

– Аталған қылмыс түрлерінің алдын алу – көптеген бөліністердің маңызды міндеттерінің бірі, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов. Бұл, алғшқы кезекте, есептегі тұлғаларды қадағалайтын, алкогольге қарсы заңнаманы сақтау бойынша тексерістерді жүзеге асыратын учаскелік полиция инспекторлары. Өткен жылдың бірінші айында осындай 12 факті анықталса, биылғы жылы сегіз факті тіркеліп, үшеуі өндіріспен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру